«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ              ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША           БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МӘНШҮК АУЫЛЫНЫҢ  «ӘДЕМАУ» БӨБЕКЖАЙЫ » МКҚК               
ГККП ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ «ЯСЛИ-САД «ӘДЕМАУ» СЕЛА МАНШУК ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәрбие сағаты «Тіл- асыл қазынам»

18.09.2023

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті достар!

Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Қайырлы күн балалар

Қайырлы күн қонақтар!

       Тіл мерекесіне байланысты өткізгелі отырған «Әдемау» бөбекжайының әр тобының мерекелік ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер. Әр халықтың тілі қайнар судың тұнбасындай мөлдір, сазды дыбыстарға бай, ұлттың тілі, әні, үні болып шалқар дариядай шалқуда. Сондықтан біз де бүгін тілдер мерекесіне арнап «Тілдер күні» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер. Балалар, жыл сайын  барлық елдің тұрғындары Қазақстанда Тілдер күні тойлануда. Біз бір елде туылғанбыз, бірақ тіліміз басқа. Мұның бәрі Қазақстанның көпұлтты мемлекет болғандықтан. Мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі! Еліміздің Әнұранын мемлекеттік тілде бірге шырқайық.

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

Жүргізуші: Қазақстанда тұратын әр ұлттың өздерінің салт-дәстүрлері, өз ана тілдері бар.

 Бүгінгі сынып сағатымызда қазақтың ұлттық ойындарын көрсетеміз

 Жүргізуші:

Қимыл-қозғалыс ойыны– Қазақтың ұлттық ойыны ( Тақия салу.)

(балалар дөңгеленіп отырады да,көздерін жұмып отырады ,бир бала шығып тақияны кигізеді де өз орнына отырады.Кім  кигізгенін  табу керек .

Жүргізуші: Осы мерекеге орай ал, енді балалардың дайындап келген тағы бір қазақтың ұлттық ойынын  тамашалайық.

«Ханталапай» ойыны бірнеше бала отырады ,ортаға асықты шашып  жибереді,кім қанша асықты жинайды сол бала ұтысқа шығады.

Жүргізуші : Ана тілің — біліп қойеркіндігің теңдігің Ана тілің — біліп қой мақтанышим, елдігің.

Ана тілің-орың бұл, ұятың боп тұр бетте Өзге тілдің бәрің біл, өз тіліңді құрметте!
Балалар тақпақ айтады
Ана тілің-арың бұл
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте
Ана тілім бала тілім
«Арқан тартысы» ойыны ер балаларымыз өте қызығушылықпен  ойнадық
Өзің барда шалқыдым
Өз тілімде ән шырқап
Термелетіп балқыдым
Ақыл ойын дананың
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның
Тілім барда мақтанам.
Тілім менің аппақ ән
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған
Өсірген ой білімді
Сүйем туған тілімді
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді
Ана тілді білмесем
Шат-шадыман күлмес ем
Жер бетінде сайраңдап
Қазақ болып жүрмес ем

Ойын: Қазақтың ұлттық ойыны «Асықтың дыбысын табу»

Бұл ойынды  барлығы дөңгеленіп тұрады да ,ортаға бір бала шығып, көзін жұмып тұрып ,асықтың дыбысын қай жақтан шыққанын табу керек .Егер таппаса ол бала ән айту керек

Қазақтың  биі  «Қаражоғаны» балаларымыз керемет биледі.

«Қол күресу» ойыны ойналды. Мұнда ер балалар ойнайды

Жүргізуші: Әр тіл әдемі. Ұмытпа, өз ана тіліңді сүй, оны аяла, мақтан тұт! Әр ұлттың балаларымен тату-тәтті өмір сүріңіз. Сізге бақыт, денсаулық және мейірімділік. Осымен бүгінгі мерекеміз аяқталды, келесі кездескенше.

 Сау болыңыздар!.

Просмотров: 7107


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст