«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ              ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША           БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МӘНШҮК АУЫЛЫНЫҢ  «ӘДЕМАУ» БӨБЕКЖАЙЫ » МКҚК               
ГККП ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ «ЯСЛИ-САД «ӘДЕМАУ» СЕЛА МАНШУК ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата – аналарға кеңес.

Өз балаңды жақсы көре біл!

Балаңыздың сізбен бірге болғанына қуаныңыз. Балаңыз қандай, солай

қабылдай біліңіз, оны тӛмендетіп намысына тимеңіз. Ӛзіне деген сенімділігін

арттыруға ӛз тарапыңыздан жағдай жасаңыз, әділетсіз жазалауға жол

бермеңіз. Балаңаз сіздің іс әрекетіңізден жылылық пен махаббатыңызды

сезіне білуі қажет.

Балаңызға қайырымды да, үлгілі бола біліңіз!

Балаңыздың бойына ӛз халқына, ұлттық дәстүріне деген құрметті дарытуда

ӛзіңіз үлгі болыңыз. Ол үшін шынайы сыйластық, кешірімді тату тәтті қарым

қатынас, үлкенге құрмет, кішіге ізет, жанұя мүшелерінің бір біріне деген

жанашырлық сезімдерін, баланың бойына дарыта білудегі

жауапкершілігіңізді естен шығармаңыз!

Өз балаңызбен ойнаңыз!

Балаңыздың қалауы бойынша ойнаңыз, әңгімелесіңіз, арнайы уақыт бӛліңіз.

Балаңыздың ойынын шын ниетпен қабылдап, оның балалық әлеміне еніп,

ӛзіне және ӛзгелерге балаңыздың кӛзқарасымен бір кезек қараңыз. Бала ойын

арқылы ӛмірдің қиыншылық сәттеріне қарсы тұруға дағдыланады,

адамдармен қарым қатынасты орнатуға үйренеді.

Баламен бірге еңбектен!

Балаңызға үй шаруасына қатысып, жәрдемдесуге рұқсат беріңіз. Еңбек ету

алгоритімін үйретіңіз. Берілген тапсырманы орындауда жауапкершілікті

сезіне білуді қалыптастыру үшін, еңбек ету кезіндегі жіберген қателіктерін

емес, жетістіктерін айтып, қолдау кӛрсетіңіз.

Адам еркіндігінің шектелуі мен бала мүмкіндігін көрсете біл!

Әр адам ӛзіне де, ӛзгеге де кесір келтірмей ӛмір сүруі керек. Баланы

тәрбиелеуде, оның жеке тұлға болып қалыптасуында осы қағиданы есте

тұтып, белгілі бір заңдылықтарды орындай отырып, баланың тәрбиесіне аса

ұқыптылықпен қарап, нәтижелігіне мән беру керек. Бала тәрбиесіндегі

жазалау әдісі жіне шектен тыс еркелету оның тәрбиесіне керіәсерін тигізеді.Бала тәрбиесі - баршаның ісі.

Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-

тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие кӛбінесе балабақшадан басталып, мектепте

жан- жақты педагогикалық ӛрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие

бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған ӛмір бойы ӛшпестей із қалдырады.

Ӛйткені, жас ұрпақтың жан- жақты қалыптасу негізі мектепке дейінгі тәрбие

үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Осы кезең балаларды еңбекке баулуға

қолайлы кезең. Балаға тән бір нәрсе естігендері мен кӛргендерін есте

сақтағыш, тез қабылдағыш, сенгіш, еліктегіш, білуге құмартқыш келеді. Бала

1,5-2 жасынан бастап жуынып-тарануға еліктеп, ұмтылады. 2-3 жастан

бастап алдына мақсат қоя бастайды. «Мен ӛзім» деп еңбек әрекеттерінде

ересекке тәуелсіз болуға, қолынан келсе де, келмесе де орындауға тырысады.

Бірте- бірте бала еңбек әрекетінен тәжірибе жинай отырып, 4-5 жасында ӛз

әрекетін жоспарлап, нәтижесін кӛруге тырысады. Егер ата- анасы баласын ӛзі

киіндірсе, шешіндірсе, ойыншықтарын жинай салса, тәрбиенің тиімділігі

тӛмен болады.

Жақсы перзент ата- ана қолындағы аманат. Баланы тәтті тағам, жақсы киімге

үйір қылмаған жӛн. О бастан баланың жан дүниесін рухани пәктікке

тәрбиелеген абзал. Егер бала қателессе, бір екі рет кӛрмегенсіп, білмегенсіп,

қоя салған дұрыс. Оған жауап беретін дәлелі болмауы да мүмкін. Оқтын-

оқтын жаман іске үйір болып әдеттенсе, кемшілігін айтып ұялтып, түсіндіру

қажет. Әкесі ӛзінің баласына сабыр, шыдамдылық пен айбаттылығын ӛнеге

еткен абзал.

Отбасында ата-ананың ықыласына бӛленіп, тәрбие кӛрген бала балабақшада

да, мектепте де ӛз ісіне жауап бере алады. Үйде ӛз ойын еркін айта алатын

бала қай жерде де жасқаншақ болмайды. Адамдармен тез тіл табыса алады.

Бала мен үлкендер арасындағы байланыс қазіргі заманда бұрынғы заманмен

салыстырғанда едәуір дамыған.

Ата- ана - отбасының рухани тірегі. Балабақшаға балалардың мінез-құлқы,

кӛбінесе, отбасынан қалыптасып келеді де, бұдан кейінгі оқу тәрбие ісі

олардың ата- анасы берген қабілеттерін шыңдайды.

Тәрбие: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, құлық тәрбиесі болып тегіс берілсе,

оның тәрбиесі түгел болғаны дей келіп, «балам адал болсын» дейтін ата- ана

осы тәрбиелерден бастау алса деймін.

Ата- ананың жұмсақтығынан бала жұмсақ, бос болып ӛседі, ал қатал болса,

олардың жоқтығын пайдаланып, ӛз еркімен ойына келгенін істейді.Ұлт тәрбиесі ұлт- болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ

тәрбиесі. Білімді, денсаулығы мықты азамат ӛсіру үшін барлық балабақша,

мектеп, ата- ана болып ынтымақтасып атсалысуымыз қажет. Тәрбие арқылы

ересектердің бойындағы жақсы- жаман қасиеттерді ажырата біліп, еңбекке,

ӛнер білімге бой ұрады. Сондықтан да отбасында болып жатқан ірілі-уақты

оқиғалар: ата- ананың бір- бірімен қатынасы, баламен сӛйлесуі, үй

шаруасының атқарылуы, ересектердің еңбекке кӛзқарасы, уақытты ӛткізуі,

туыстар мен жолдастарына ықыласы, қонақ қабылдауы, бәрі балаға тікелей

әсер етеді, мінез- құлқы да соған қарай қалыптасады.

«Ұяда не кӛрсең, ұшқанда соны ілерсің», -деген халық даналығы осыған

байланысты туса керек. Шын мәніндегі ӛнеге, бедел ата- ананың да,

мұғалімнің де бала тәрбиесіне үлкен кӛмек беретін, дұрыс бағыт сілтеп,

басшылық ететін басты құралы. Кейбір ата -ана беделге барынша

қаталдықпен жетуге тырысады, айқайлап, ұрысу сияқты ӛрескел мінез

кӛрсетеді. Шектен асқан қатаңдық баланы қорқақ, жасық етіп, тіпті оны

ауруға да душар етеді.

Кӛрнекті педагог А.С.Макаренко, балаға қатаң талап қою да қажет, бірақ

оларды құрметтей де білу керек екенін арнайы сӛз еткен болатын, біз бұны

кӛбіне естен шығарып аламыз. Балаға бір нәрсе туралы бірнеше қайталап

айта берсең, ол сӛздің қасиетін жояды. Сондықтан баланы ең жас кезінен ата-

анасын бір айтқанда -ақ тыңдап, талабын орындауға үйреткен орынды.

Қорытындылай келе, ғұлама ғалым Әл Фарабидің: «Адамға ең бірінші білім

емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы»

деген ақиқат сӛзімен дәлелдегім келеді.


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 01.05.2024 01:40
Құрылған күні: 01.05.2024 01:40

Текст